BasNewsЖаңалықтар

Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк құруға 1 млрд теңге бөлінді

Елордадағы Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк ашылады. Жобаны жүзеге асыруға 1 миллиард теңге бөлінді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Кіші Талдыкөлдің су балансын сақтап және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Кіші Талдыкөлдегі экопарк жобасы (Е-10 көшесі, «Зеленый квартал» ТК қарама-қарсы) су қоймасы абаттандырылады: су қоймасының бойында судың табиғи сүзілуін және қажетті экожүйені құруға мүмкіндік беретін тастан жасалған жағалау болады. Сондай-ақ су деңгейін сақтап әрі оттегімен біркелкі қанықтыру үшін биодренаждық жүйені ұйымдастыру және су айдынын аэрациялау көзделеді.

Сонымен қатар, серуендеу үшін де арнайы инфрақұрылым жасалады: жағалаудағы сулы-батпақты жерлерде террассалық жағалау сақталады және флора мен фаунасы бар экоклимат үшін жағдай жасалады.

Талдыкөлдің өзінде (үлкен Талдыкөл) өзінің экологиялық инфрақұрылымы болады. Үлкен Талдыкөл көлінің жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады.

https://www.instagram.com/p/CZrEgFbtaEU/?utm_source=ig_web_copy_link

Басқа жаңалықтар

Back to top button