BasNewsЖаңалықтар

Азамат Жолманов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланған.

Азамат Жолманов Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі, мемлекеттік басқару саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы байланыстар және инвестициялар департаментінің сарапшысы болып бастады.

Бұған дейін 31 қаңтарда Айнұр Серғазиеваның да Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалғаны белгілі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button