BasNewsЖаңалықтар
Алматыда соңғы тәулікте 114 жол апаты тіркелді
Алматы полициясы өткен тәулікте тіркелген жол-көлік оқиғаларының санын айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, қалада өткен тәулікте 114 жол-көлік оқиғасы болған. Оның 16-сында зардап шеккендер бар.
Көлік апатының көбеюіне ауа райы әсер еткен. Қалада қар қалың жаумаса да суық желден жолда көктайғақ болды. Көлік апатынан 26 адам зардап шекті. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдарда да мұз қатып, жүру қиындаған. Ауа райы болжамына сәйкес, қалада алдағы күндер жауын-шашынды болмақ. Сондықтан полиция жолда абай болуды ескертеді.



