BasNewsЖаңалықтар

Жасөспірім қызды зорламақ болған зейнеткер ұсталды

Алматы облысында 14 жастағы қыз балаға қысым жасап, арам ойын іске асырмақ болған күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны болып шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Аталған факт бойынша өтініш полицияға 15 ақпанда түскен. Қарасай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті деген ер адам ұсталды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол – Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ оның жеңіл көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды.

Қазір күдіктіге қатысты іс қозғалып, істің мән-жайы тергеліп жатыр.

«Автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар, ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 124-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Істің мән-жайын толықтай анықтау мақсатында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әбілтай Әбенов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button