BasNewsЖаңалықтар

Қарағандының медициналық ұйымдары жас мамандарға не ұсынады

Қарағанды медицина университеті өз түлектері үшін биыл алғашқы бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Интерндер әлеуетті жұмыс берушілермен тіл табыса алды. Олар Қарағанды облысында жас мамандарға қандай жағдай жасалып жатқанын білді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

– Биыл бізде «жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша 277 интерн оқуын тәмамдайды. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі онлайн режимде өтті. Оған Қарағанды облысының 37 медициналық ұйымы қатысты. Олардың өкілдері презентациялар дайындап, бос орындармен, әлеуметтік пакеттермен таныстырды, – дейді Медицина мектебінің маманы Жазира Мұсаева.

Оның сөзінше, медициналық ұйымдардың көпшілігі Қарағанды, Жезқазған және аудандардан болды. Жас дәрігерлерге көтерме ақы, жалдамалы баспана алу мүмкіндігі ұсынылады.

Түлектер болашақ жұмыс орнын алдын ала таңдауға мүмкіндік алды. Университет Қазақстанның басқа аймақтарынан келген өкілдердің қатысуымен тағы бірнеше жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button