BasNewsЖаңалықтар

Үш бала көлікте тірідей өртеніп кетті

Ақтөбеде жол апаты кезінде 15, 13 және 1 жастағы балалар көлік ішінде жанып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға 19 ақпанда сағат 16.00-де Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолында болған.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «LADA Largus» көлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу кезінде жол ережесін сақтамай, салдарынан «DAF» маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Кейін жолдың оң жағына қарай аударылған.

«Көлік аударылғанда әкесі терезеден ұшып кеткен. Ал көлік жанып кетті. Салдарынан 2007, 2009 және 2021 жылдары туған балалар көлік ішінде тірідей жанып кетті. Жүргізуші жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді», – деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button