Туризм саласындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары

Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін субсидиялауға және өтеуге өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады, – деп хабарлайды Basnews.kz.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнес шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін мемлекеттік қолдау шараларының пакеті іске қосылды (2021 жылғы 30 сәуірдегі «Туристік қызмет туралы» Заңға түзетулер негізінде):
1. Сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, 8-ден астам отыратын орны бар көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін көлік құнының 25% мөлшерінде өтеу (автобусты мақсатсыз пайдалануға және 5 жыл ішінде иеліктен шығаруға жол берілмейді).
Негізгі талаптар:
– мақсатты аудитория – туроператорлар, турагенттер, гидтер;
– автокөлік сатып алу 2022 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.
2. Туристік қызмет объектілерін салу/реконструкциялау кезіндегі өтемақы (объектіні салу және (немесе жөндеу) құнының 10 пайызы).
Негізгі талаптар:
– мақсатты аудитория – табиғи объектілер және табиғи-климаттық аймақтар, көрікті жерлер, тарихи және әлеуметтік-мәдени көрсету объектілері және саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын өзге де объектілер;
– объектіні пайдалануға беру 2022 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.
3. Жол бойындағы сервис объектілерін (мотельдер, қонақ үйлер, кемпингтер, ТҚС, АЖҚС, тамақтану, сауда, медициналық көмек байланысы пункттері) салуға шығындардың 10%-ы мөлшерінде өтемақы.
Негізгі талаптар:
– жол бойындағы белдеуде орналасқан және жүру жолында жол жүрісіне қатысушыларға қызмет көрсетуге арналған;
– объектіні пайдалануға беру 2022 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.
4. СГТ-ны ұстауға арналған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау (мүгедек адамдарға арналған жеке кабиналары бар абаттандырылған жеке тұрған стационарлық немесе жылжымалы құрылыс). Қолдау мөлшері-айына 83 300 теңге.
Негізгі талаптар:
– туристер үшін тартымды аумақтарда және оларға бару жолдарында болуы;
– мүгедектерге, ерлер мен әйелдерге арналған желдету, жылумен жабдықтау, жарықтандыру жүйелерімен және жеке гигиена құралдарымен жабдықталған жеке кабиналардың болуы).
Құжаттарды қабылдау: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ.
Пошталық мекенжайы: 100000; Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, каб. 304.
Электрондық пошта мекенжайы: a.tleubaev@karaganda-region.gov.kz.
Толық ақпарат: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, каб. 304 немесе байланыс телефоны бойынша: (8-7212) 50-38-74.
«Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ



