BasNewsЖаңалықтар
АҚШ-та қазақстандық әйелді атып кеткен
АҚШ-та қазақстандық әйел өлі табылды. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
FOX 9 арнасының мәліметінше, 16 ақпанда кешке Сент-Полдың Пейн Фален ауданындағы пиццерия маңында тұрған көліктен оқ жарақаты бар әйел табылған. Ол ауруханаға жеткізілген, бірақ көп ұзамай қайтыс болған.
Сот-медициналық сараптама әйел Сент-Пол тұрғыны, 34 жастағы Юлия Ли екенін анықтаған.
«Биыл 16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматы белгісіз жағдайда қаза тапты. Жергілікті полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, отандасымыз оқ жарақатынан көлігінде қаза болған», – деп ҚР СІМ баспасөз қызметі пікір білдірді.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатқаны айтылды.
«Қылмыс жасаған күдікті қамауға алынды. Қазақстан консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста», – деп толықтырды ведомство өкілдері.



