BasNewsЖаңалықтар
Доллар 437 теңгеден асты
Теңгеге қатысты доллар бағамы тағы да өсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Таңертеңгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,23 теңгеге көтеріліп, 437,35 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 437,08 теңге, сату – 438,89 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 436,77 теңгеден сатып алынып, 438,48 теңгеден сатылып жатыр.
Ұлттық банкте 23 ақпанда доллардың ресми бағамы 433,39 теңгеге тең болып тұр.



