Утильалым 50 пайызға дейін төмендетіледі
Автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Роман Скляр «Хабар 24» телеарнасында тікелей эфирде сұхбат берді.
«Шешім қабылданды, автомобиль өнеркәсібін ынталандыру деңгейі автомобиль мен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түріне мөлшерлемені 50 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді», – деді премьер-министрдің бірінші орынбасары «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде.
Сонымен қатар, Роман Скляр автосалондардағы көлік тапшылығы әлемдегі микросхема (чиптер) тапшылығына байланысты екенін айтты.
Қозғалтқыш көлемі 1000 текше сантиметрге дейінгі автомобильдерге арналған коэффициент 3 (153 150 теңге * 3 = 459 450 теңге).
Қозғалтқыш көлемі 1001-ден 2000 текше сантиметрге дейінгі автомобильдерге арналған коэффициент 7 (153 150 * 7 = 1 072 050 теңге).
Қозғалтқыш көлемі 2001-ден 3000 текше сантиметрге дейінгі көліктерге арналған коэффициент 10 (153150*10 = 1531150 теңге).
Қозғалтқыш көлемі 3001 текше сантиметрден жоғары автомобильдерге арналған коэффициент 23 (153 150 теңге * 23 = 3 522 450 теңге).
Жүк көліктері мен автобустарға басқа коэффициенттер қолданылады.



