BasNewsЖаңалықтар
Зеленский Украинада жаппай жұмылдыру жүргізілетіні туралы қаулы шығарды
Владимир Зеленский Украинада 90 күн бойы жаппай жұмылдыру жүргізілетіні туралы қаулы шығарды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бейсенбіде украиналық УНИАН ақпараттық агенттігі Telegram-да Зеленский Украина Жоғарғы Радасына жалпы жұмылдыру туралы заң жобасын ұсынғанын хабарлады.
Қаулыға сәйкес Винница, Волынь, Днепропетровск, Донецк, Житомир, Закарпатье, Запорожье, Ивано-Франковск, Киев, Кировоград, Луганск, Львов, Николаев, Одесса, Полтава, Ровна, Сумы, Тернополь, Харьков, Херсон, Хмельницкий, Черкассы, Черновцы, Чернигов облыстары, Киев қаласы аумақтарында 90 күн ішінде жаппай жұмылдыру жұмыстары жүргізіледі.



