BasNewsЖаңалықтар
Таразда атыс болып, екі адам ауруханаға түсті
Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы дәмханалардың бірінде болған атыс салдарынан екі адам ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«25 ақпан күні сағат 22.30 шамасында 102 пультіне Тараз қаласындағы Абай даңғылы бойында орналасқан «Дискавери» дәмханасында белгісіз біреулер арасында атыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен патрульдік полиция қызметкерлері жөнелтілді. Екі адам ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
«Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», – деп қосты полиция.



