BasNewsЖаңалықтар

Ақтауда жол ортасында шомылғандар ұсталды

Ақтауда жас жігіттер жолдың қақ ортасына ванна қойып, досын шомылдырған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жастар бұл видеоны әлеуметтік желіге өздері жариялаған. Видеода жігіттердің бірі жолдың ортасында суға түсіп жатыр. Кейіннен оның бәстен ұтылғаны, ал бұл ұтқан тараптың тапсырмасы болғаны анықталды.
Полиция бұл видеоны әлеуметтік желіге шолу жасаған кезде көрген. Құқық қорғаушылар жастардың жеке басын анықтады, оларды жауапкершілікке тартты. Полицияға шақырып, жаяу жүргіншілердің жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 615-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Сондай-ақ жолда суға шомылғаны үшін және оған шомылуға көмектескендерге әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button