BasNewsЖаңалықтар

Атырау облысында екі аудан орталығын еріген қар суы басты

Атырау облысының екі ауданында еріген қар суын сору бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды BasNews.kz тілшісі өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Департамент ақпаратына сәйкес, Қызылқоға ауданында еріген қар суын сору бойынша апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
26 ақпан сағат 15.30-дан бастап Миялы ауылының Қарабалин және Аққуов көшелері бойындағы 25-30 см еріген қар суын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары сағат кешкі жетіге дейін жүргізілген. Барлығы 280 текше метр су шығарылды.

https://www.instagram.com/p/Cac9jR3glPC/?utm_source=ig_web_copy_link

Апаттық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, жергілікті атқарушы органның 6 қызметкері және 2 техника, 2 мотопомпа жұмылдырылды.
Индер ауданында да еріген қар суын шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
26 ақпанда Индер ауданы Индербор кентінің Астана көшесі бойында сағат 16:20-дан 30 см еріген қар суын сору жұмыстары сағат 20:45-ке дейін жүргізілді – 110 текше метр су сорылды.
Жарсуат ауылының Қазиев көшесі бойына жиналған 25-30 см еріген қар суын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары сағат 20:45-ке дейін жүргізілді. Бұл жерден 78 текше метр су шығарылды.
Апаттық-құтқару жұмыстарына облыстың төтенше жағдайлар департаментінің 2 қызметкері және бір техникасы, жергілікті атқарушы органның 11 қызметкері және 3 мотопомпа жұмылдырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button