BasNewsЖаңалықтар

Павлодарда көлік өзендегі мұз астына түсіп кетті

Оқыс оқиға 26 ақпанда орын алды. Сағат 18:25-те Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне жеңіл көліктің мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды BasNews.kz тілшісі.

Оқиға Павлодар қаласында Усолка шағын ауданының «Ertis Olympic» бассейнінің жанында болды. «Нива» көлігі мұз астына түсіп кетті. Келген құтқарушылар жүкшығыр мен арқандардың көмегімен көлікті жағаға шығарды.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына облыстық ТЖД жеке құрамынан 10 адам мен екі техника және «102» қызметі жұмылдырылды», – деп мәлімдеді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

https://www.instagram.com/tv/Cac4O94jFV2/?utm_source=ig_web_copy_link

Басқа жаңалықтар

Back to top button