BasNewsЖаңалықтар
Украина делегациясы Ресеймен келіссөз өтетін жерге келді
Беларусьтің Гомель облысындағы Ресеймен келіссөз өтетін жерге Украина делегациясы тікұшақпен келді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Онда тек екі тікұшақ келгені хабарланды. Онда Киев өкілдері болуы керек.
Украина президенті кеңсесінің мәліметінше, делегация құрамында: қорғаныс министрі Алексей Резников, «Слуга Народа» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий, Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михайло Подоляк, Жоғарғы Раданың депутаты Рүстем Умеров пен Үшжақты байланыс тобындағы Украина делегациясы басшысының бірінші орынбасары Андрей Костин бар.



