BasNewsЖаңалықтар

Азия елдері Ресейге қарсы санкция енгізді

Оңтүстік Корея мен Сингапур Мәскеуге қарсы халықаралық санкцияларға қосылды. Осылайша Азия мемлекеттері Ресейге қарсы экспорттық бақылауды күшейтпек, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея билігі де Ресейге стратегиялық өнімдерді экспорттауға тыйым салды.

«Оңтүстік Корея Украинадағы жағдайға байланысты Ресейді SWIFТ жүйесінен шығару жайлы халықаралық келісімге қосылуға дайын. Сонымен қатар мемлекет Ресейге стратегиялық өнімдерді экспорттауға тыйым салды», –  делінген Оңтүстік Корея сырты істер министрлігінің хабарламасында.

Бақылауға алынатын стратегиялық тауарлар арасында электр техникалары, жартылай өткізгіштер, компьютер, лазер мен навигация, авионик, теңіз және аэроғарыш құрылғылары бар.

Министрлікте айтып өткендей, Сеул Ресейді SWIFТ жүйесінен шығару туралы шешімін АҚШ-қа мәлімдеген. Сондай-ақ Оңтүстік Корея Украинаға көрсетілетін гумманитарлық көмекті арттырмақ.

Сингапур ресейлік бірнеше банктер мен Ресейге қатысы бар қаржылық операцияларды бұғаттамақ. Әрі экспорт бақылауын күшейтуді жоспарлап отыр..

Сингапурдың сыртқы істер министрі Вивиан Балакришнан Украинада азаматтарға қарсы қару ретінде қолданылуы мүмкін заттардың экспортына тыйым салынатынын жеткізді. Нақты шаралар әлі белгіленбеген және жақын арада жариялауға уәде берді.

«Біз Ресеймен қарым-қатынасымызды әрі қарай да сақтаймыз. Алайда өзге мемлекеттің аумақтық бүтіндігін бұзуға көз жұмып қарай алмаймыз», – деді министр.

Оның айтуынша, Сингапур Ресейге қарсы санкция енгізу үшін басқа да серіктес мемлекеттермен бірлесіп әрекет етпек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button