BasNewsЖаңалықтар
Еліміз бойынша 992 адам карантинге жатқызылды

Елімізде 992 адам карантинге жатқызылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Бүгінде 60 адам ауруханаға жатқызылды, кеше олардың 18-і үйлеріне жіберілді. 42 адам ауруханада жатыр. Оларды тексеріп жатыр», – деді Біртанов.
Еске салайық, мұның алдында дене қызуы мен жөтел болғанда қазақстандықтарға жедел жәрдем шақыруға кеңес берілген болатын. «Коронавирус инфекциясының жаппай тарауына байланысты және індеттің алдын алу мақсатында сіздерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», – делінген еді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.



