BasNewsЖаңалықтар
Украина мен Ресей кейбір алаңда қақтығысты тоқтатуға келісті
Ресей мен Украина делегациясының келіссөзі аяқталды. Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк үшінші раунд болатынын айтты, – деп хабарлайды BasNews.kz тілшісі «Известия» порталына сілтеме жасап.
Тараптар жақын арада гуманитарлық дәліздер ұйымдастырады, осыған байланысты бірқатар алаңда қақтығыс тоқтайды.
«Осы мақсатта жақын арада арнайы байланыс және өзара іс-қимыл арналары ұйымдастырылады және тиісті логистикалық рәсімдер құрылады», – деді Подоляк.



