BasNewsЖаңалықтар

Тұрғын үйдің 11-қабатынан құлаған үш жасар бала аман қалды

Мәскеуде тұрғын үйдің 11-қабатынан құлаған үш жасар бала аман қалды. Ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлайды BasNews.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Мәскеудегі балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Ольга Ярославскаяның айтуынша, алты жасар бала Каширское тас жолындағы көпқабатты үйдің 11-қабатының терезесінен құлап кеткен. Қазір бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде.

Сондай-ақ Ольга Ярославская бұл отбасында тағы төрт бала бар екенін мәлім етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button