BasNewsЖаңалықтар

Microsoft Ресейдегі сатылымын тоқтатты

Америкалық Microsoft компаниясы Украина төңірегіндегі жағдай аясында Ресейде тауарлар мен қызметтерді сатуды тоқтату туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Бүгін біз Ресейде Microsoft өнімдері мен қызметтерінің барлық жаңа сатылымдарын тоқтататынымызды жариялаймыз. Сонымен қатар, біз АҚШ, Еуропалық Одақ және Ұлыбритания үкіметтерінің санкциялар туралы шешімдеріне сәйкес Ресейдегі бизнесімізді тоқтатамыз және үкіметпен тығыз жұмыс жасаймыз», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ компания Украинадағы жағдайдың өршуіне байланысты алдағы уақытта қосымша шаралар қабылданатынына сендірді.

Айта кетейік, бірқатар америкалық және еуропалық компаниялар Ресейде өз тауарларының сатылуын тоқтатқанын хабарлаған болатын. Батыс елдері де Украинадағы қақтығысқа байланысты жаңа қатаң санкциялар жариялауды жалғастыруда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button