BasNewsЖаңалықтар

Кореядан келген 100 жолаушы Алматыда карантинге жатқызылды

Алматыға Оңтүстік Кореядан ұшып келген жолаушылар карантинге жатқызылды, – деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бас мемлекеттік санитарлық инспектордың 2020 жылғы 4 наурыздағы Қаулысына сәйкес, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) қауіпі жоғары елдердің 1а санатына жататын Қытай, Оңтүстік Корея, Ираннан келген адамдар 14 күндік міндетті карантинге жатады, одан соң белгіленген үй-жайларда оқшаулануы тиіс, делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

05 наурызда сағат 15.50-де Сеул-Алматы рейсімен барлығы 197 адам келді. Оның ішінде транзиттік елдер – 97 (Қырғызстан – 23, Өзбекстан – 37, Ресей – 16, Украина – 18, Оңтүстік Корея – 2, Тәжікстан – 1).

Қырғызстан өз азаматтарына автобус берді және полиция қызметкерлерімен бірге 21 Қырғыз азаматы бар автобус Қырғыз Республикасына жіберілді.

Жалпы 100 адам медициналық мекемеге жеткізілді және орналастырылды, оның ішінде 4 бала.

Барлық оқшауланған адамдар толық медициналық бақылаудан өтеді. Айта кету керек, карантин кезеңінде (14 күн): карантин орнынан кетуге жол берілмейді. Карантиндегі адамдар режимді бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button