BasNewsЖаңалықтар
«Абу-Даби Плаза» ғимаратында өрт шықты
Нұр-Сұлтанда «Абу-Даби Плаза» көпфункционалды кешенінде желдеткіш камера өртенді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Сығанақ көшесі, 60/5 үйінің бойында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 14.57-де түскен.
«Шақыртудың жоғары нөмірі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері жедел жолданған, 4 минута келіп жеткен өрт сөндіру бөлімшелері ғимараттың 1 қабатында желдеткіш камерасының жануы орын алғанын анықтаған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт сөндірушілердің келіп жеткенге дейін қызметкерлер мен келушілер өз бетінше эвакуацияланған», – делінген хабарламада.
Өрт орнында 16 бірлік техника мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеп жатыр. Өрт 15:24 минутта жойылды.


