BasNewsЖаңалықтар
Қызылордада жол апатынан 16 адам зардап шекті
Қызылордада жолаушылар отырған микроавтобус Toyota Camry автокөлігімен соқтығысып, салдарынан 16 адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық полиция басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қызылорданың Полиция басқармасы өкілдерінің мәліметінше, оқиға 11 наурызда Желтоқсан және Қорқыт ата көшелерінің қиылысында болған.
«Mercedes Benz микроавтобусы Toyota Camry-мен соқтығысты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қажет сараптама тағайындалды», – дейді полиция өкілдері.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен 16 адамның жетеуі – бала.


