BasNewsЖаңалықтар

skills.enbek.kz онлайн оқыту платформасында жаңа сервистер пайда болды

skills.enbek.kz онлайн режимде кәсіптік оқыту платформасында 9 наурыздан бастап қолданыстағы функционал оңтайландырылды және жаңа сервистер іске қосылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қазақстандықтарға кәсіби өсу және дағдыларды арттыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін Платформада курстарды іздеу жетілдірілді, сабақтардың түсінікті құрылымы құрылды, оқыту процесін қадағалау және курс авторларымен жылдам өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі бар.

Платформаны пайдаланушылар енді курстардың және білім алушылардың саны, берілген сертификаттар, рейтинг және курс тыңдаушыларының пікірлері туралы ақпарат берілген автордың профилімен таныса алады.

Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы қол жетімді, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарау, сертификаттардың әр түрлі дизайны қарастырылған, сонымен қатар оқу құнын алдын-ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.

Оқуға тікелей https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz электрондық еңбек биржасында «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы өтуге болады.

Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда (70% шекті деңгеймен тестілеу) дағдыны игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау.

Бұл сертификат enbek.kz электрондық еңбек биржасында тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Түйіндемені қарау кезінде әлеуетті жұмыс беруші skills.enbek.kz-те табысты оқудан кейін алынған сертификаттарды көретін болады.

Авторлар іске қосылған сәттен бастап платформада әртүрлі бағыттар бойынша 100-ден астам курстар жариялады, олардың 60-ы тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Қазіргі уақытта «Управление персоналом», «Сүтті ірі қара өсіру», «Выращивание клубники от А до Я», «Ұннан жасалған кондитер өнімдері, жіктелуі және дайындалу технологиясы» және «Кассир» курстары сұранысқа ие.

Онлайн курстарды әзірлеушілер үшін платформада тіркелу тегін.

skills.enbek.kz платформасында тіркелу және жұмыс істеу бойынша барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлеріне жүгінуге болады: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 878).

Басқа жаңалықтар

Back to top button