BasNewsЖаңалықтар

Ақтауда БТР мен жеңіл көлік соқтығысып қалды

Ақтауда жол апатының ерекше түрі орын алды. Бұл жолы БТР мен жеңіл көлік соқтығысып қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі  Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

«Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 11 наурызда арнайы мақсаттағы әскери көлік жол жиегіне шығып кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысқан. Арнайы әскери көлік жеңіл көліктің бір бөлігін зақымдаған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ», – деп жазды басылым.

Облыстық ПД баспасөз қызметі өкілі бұл дерек бойынша кейінірек пікір білдіруге уәде берді.

https://www.instagram.com/p/CbAyRW9g_ys/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button