Жаңалықтар
«Первый каналдың» тікелей эфиріне қолына плакат ұстаған қыз кіріп келді
Ресейлік «Бірінші арнаның» кезекті жаңалықтар шығарылымында плакат ұстаған қыз тікелей эфирге кіріп кетті. Ол соғысты тоқтатуға шақырған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Сіздер күтпеген кибертерроризм. «Бірінші арнаның» тікелей эфиріне саяси мәселе жазылған плакат ұстаған қыз кіріп кетті. Жаңалықтар шығарылымын тоқтатқан жоқ.
Біздің дерегімізге сәйкес, эфирге шыққан қыз – қалалар бөлімінің редакторы. Есімі Марина Овсянникова. Қазір ол тұтқынға алынған, онымен ішкі істер департаменті сұхбаттасып жатыр», – делінген Mash Instagram парақшасында.
Кейін «Бірінші арна» қызметтік тексеріс бастаған.
«Время» бағдарламасының тікелей эфирінде расымен кадр сыртында оқиға болды. Қазір тексеріс жүріп жатыр», – деді телеарна баспасөз қызметіндегілер.



