Жаңалықтар
Тоқаев 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Ертең, 16 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Президенттің бұл жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ.
Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ «БОРТ N1″ Тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады», – делінген хабарламада.



