BasNewsЖаңалықтар

Атырауда белгісіз біреу 3 адамды атып өлтірді

15 наурыз күні түнгі сағат 22:10 шамасында белгісіз біреу үш адамды атып кетті. Облыстық ПД мәліметінше, оқиға болған жерден тағы бір мүрде табылған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Ак Жайык” басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, кешкі сағат 22.00 шамасында белгісіз біреу «Авангард» аялдамасында «Калашников» автоматынан оқ жаудырған.

Қала маңындағы Еркінқала ауылының 27 және 22 жастағы тұрғындары сол жерде көз жұмды, басына оқ тиген 26 жастағы жігіт облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.
Кейінірек қылмыс орнына жақын жерден тағы бір адамның мәйіті табылды.
Күдікті 1993 жылы туған азамат, Маңғыстау облысының тұрғыны ұсталды.

Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етілмеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button