Түркістан облысындағы төтенше жағдай: тұрғын үйлерге қауіп жоқ

Түркістан облысының оңтүстік аймақтарында жыл сайынғы орташа жылдық нормадан 161% асатын маусымдық жаңбыр басталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановқа сілтеме жасап.

Салдарынан соңғы 5 күнде Мақтаарал және Жетісай аудандарының бірнеше ауылының 149 аула аумағын су басты. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаменті тарапынан жалпы 2065 жеке құрам, 400 бірлік техника, 6 қайық, 294 мотопомпа дайындыққа келтірілді. Нәтижесінде 18 шақырым арық-атыз, 25 шақырым өзен арналары қоқыстан тазартылды. Су тасқыны қауіпті аймақтардағы елді мекендерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 9 мың дана жаднама таратылды.

Осы уақытқа дейін екі ауданда 32 ауланы құрғату жұмыстары жүргізілуде. Жағдай облыс әкімдігі мен ТЖД бақылауында. Үйлерді су басу қаупі жоқ.




