BasNewsЖаңалықтар
Тоқаев: Президенттің жақын туыстарының биліктегі лауазымдарға тағайындалуына тыйым салынады
Президенттің жақын туыстарының саяси лауазымдарға тағайындалуына тыйым салынады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жолдады. Онда Мемлекет басшысының жақын туыстарына квазимемлекеттік құрылымдар басшылары қызметіне тағайындалуына тыйым салынатынын мәлімдеді.
«Президенттің жақын туыстарының саяси лауазымдарға және квазимемлекеттік құрылымдардың басшылары қызметіне тағайындалуына тыйым салынады», – Қасым-Жомарт Тоқаев.



