Кісі өлтіргені үшін 25 жыл іздеуде жүрген ресейлік Қазақстанда ұсталды
Қазақстанның көлік полициясы 25 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматшасы ұстады, – деп хабарлайды BasNews.kz тілшісі.
Бұл туралы көліктегі полиция басқармасының бастығы Оңал Бекиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, 9-18 наурыз аралығында «Іздеу» және «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізілуде. Жеті күн ішінде іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен 10 адам іздеуде болды.
«10 наурызда Сәтбаев қаласында департаменттің криминалдық полиция басқармасы мен «Қарағанды-Сортировочная» стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 56 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін 25 жыл бойы тергеуден жасырынып келген», – деді Бекиев.
Ұсталған азаматтың Ресей Ішкі істер министрлігі Челябі облысы бойынша іздеуде жүргені анықталды. 1997 жылдан бері ол Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша («Адам өлтіру») қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде. Оған қатысты экстрадициялау мәселесі шешілуде.



