BasNewsЖаңалықтар

Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, сонымен қатар қар және тұман күтілуде, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Қазгидрометтің» болжамынша, елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде боран соғып, қар жауады.

«Республиканың оңтүстігінде жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Ал 23-24 наурызда республиканың батыс өңірлері Солтүстік-Батыс антициклонының ықпалында болады. Соның салдарынан мұнда жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша тұман түседі және жел күшейеді. Еліміздің шығысында, солтүстігінде және орталығында түнгі температура 5-13-тен 10-18 градусқа дейін ауытқиды. Күндіз термометр 0-8 градус аяздан аспайды, республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде 0-8 градус, күндіз 2-10 градус жылы болады», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button