BasNewsЖаңалықтар
Нұр-Сұлтанда құрылыс нысанынан өрт шықты
Нұр-Сұлтанда құрылыс нысанының астыңғы қабатында өрт шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz.
Қалалық ТЖД бұл жағдайға түсініктеме берді.
«21 наурызда сағат 12.42-де ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Айша бибі көшесінде түтін көрінгені туралы келіп түскен хабарламаға шықты.
Оқиға орнына келген құтқарушылар құрылыс нысанының астыңғы қабатында 50 шаршы метр алаңда материалдар жанып жатқанын анықтады», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт 13.07-де сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.



