BasNewsЖаңалықтар

Қытайда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болған жоқ – СІМ

Ұшақ бортында 132 адам болған. Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағында қазақстандықтар жоқ, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Алдын ала мәлімет бойынша ұшақтағы жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары болмаған», – деп жазылған Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметте.

Айта кетейік, кеше China Eastern Airlines әуе компаниясына тиесілі  Boeing 737 ұшағы Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Дэн уезіне құлаған еді. Ұшақта 132 жолаушы болған. Апат салдарынан орманда өрт шыққан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button