BasNewsЖаңалықтар

Әкесі алты айлық ұлын құлатып алды: ер адам 10 жылға сотталды

Шығыс Қазақстан облысында ер адам алты айлық ұлын өлтіргені үшін 10 жылға сотталды. Жазасын қатаң режимдегі абақтыда өтейді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ер адамның айтуынша, баланың жаялығын ауыстырмақ болған кезде қолынан түсіріп алған. Әйелі үйде болмаған. Ол сол күні ішімдік ішкен.

«Асханадан келе жатқанымда, линолеумға шалынып, құлаған сияқтымын. Бала қолымнан ұшып кетті. Кенеттен көгеріп, үнсіз қалды. Көршілерден көмек сұрадым», – дейді.

Көршісі ес-түзсіз жатқан сәбиді жерден алып, жедел жәрдем шақырған.

Ер адам ішімдік ішкендіктен, оқиға еміс-еміс қана есінде екенін айтып ақталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button