BasNewsЖаңалықтар
«Қазмедиа орталығынан» өрт шықты
Елордадағы «Қазмедиа» орталығынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД бөлімшесінің ақпарынша, көлік тұрағындағы трансформатордың өртенгені туралы ақпарат 20:41-де түскен.
ТЖД қызметкерлерінің көмегімен өрт 21:12-де ауыздықталды. Ведомство аккумуляторлық батареялар өртенгенін қоса кетті. Аталған жайтқа байланысты «Қазмедиа орталығы» да пікір білдірді.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты алдын ала деректер бойынша, қатты желдің салдарынан «Қазмедиа орталығы» ғимаратының электрмен жабдықтау жүйесіне су тиген», – делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.



