BasNewsЖаңалықтар

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі 747 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды Шымкентте бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің мәліметінше, Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 747 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген.

“Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде”, – делінген баспасөз хабарламасында. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button