Шахтинск қаласының кәсіпкері облыс және қала әкімдерінің гранттарына кондитерлік дүкен ашты

Шахтинск қаласында кондитерлік дүкен пайда болды, онда тәттілерді дайындап қана қоймай, сонымен қатар шай немесе кофе ішіп, жаңа піскен торттардан ләззат алуға болады. Тәтті мекемені облыс және қала әкімдерінің гранттарына кәсіпкер Айжан Сәлімжанова ашты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Өткен жылы мен Шахтинск қаласының Жастар ресурстық орталығына жүгіндім, маған облыс және қала әкімдерінің гранттарын алу мүмкіндіктері туралы айтылды. Мен бірден құжаттарды жинап, бизнес-жоспар құра бастадым. Қай бағытта кәсібімді ашу туралы ұзақ ойланудың қажеті болмады, өйткені мен тәтті-дәмді өнімдер пісіргенді жақсы көремін. Бұған дейін тапсырыс қабылдап, үйде дайындағанмын», – дейді Айжан.

Бойжеткен «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқудан өтіп, өзінің бизнес-жоспарын қорғап, облыс және Шахтинск қаласының әкімдерінен әрқайсысы миллион теңгеден екі грант алды.

«Кейін бірден үй-жай іздей бастадым, жөндеу жұмыстарын жүргіздім, қажетті жиһаз, жабдық, мүкәммал сатып алдым. Кеше, 29 наурызда мен кондитерлік дүкен аштым. Мұнда біз тәтті және дәмді кондитер өнімдерін дайындаймыз, сондай-ақ диабетпен ауыратындар үшін пісіреміз», – деді кәсіпкер.



