BasNewsЖаңалықтар

Колледждерде не үйретеді: Теміртау оқушыларына сұранысқа ие мамандықтар таныстырылды

Теміртаулық оқушыларды Қарағанды облысының тоғыз колледжі өздерінің мамандықтарымен таныстырды. Кәсіптердің тұсаукесерін педагогтар да, студенттер де өткізді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Металлургтер қаласының №14 мектеп-лицейінің базасында Мамандықтар жәрмеңкесі өтті.

Колледж студенттері әрбір мамандықтың артықшылықтары туралы айтты, еңбек нарығындағы сұраныспен таныстырды, алғашқы көмек көрсету тәсілдері, дастархан жаю және т. б. дағдыларын көрсетті.

– Кәсіптер жәрмеңкесіне 9 және 11-сыныптардың екі мыңнан астам оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты. Мұндай іс-шара балалардың кім болғысы келетінін түсінуі үшін жыл сайын өткізіледі, – дейді Теміртау білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Екатерина Құдайбергенова. – Олар ұсынылған әр мамандықпен таныса алды. Тұсаукесерлер, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Оқушылар үшін нағыз мереке болды.

Сондай-ақ, қаланың колледждері мен мектептері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды, оның аясында оқу жылы ішінде студенттер кәсіби сынақтардан өтеді, олардың нәтижелері болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі жылы жәрмеңкеге жоғары оқу орындарының өкілдері де шақырылатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button