Қостанай облысында өрттен үш бала қаза тапты
Қайғылы оқиға бүгін таңертең Қостанай облысының Амангелді ауылында болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Екі бөлмелі үйде көпбалалы отбасы тұрған.
Төтенше жағдай кезінде ата-анасы жұмыста болған, өрт сөндірушілер келгенге дейін төрт баланы да көршілері эвакуациялаған. Өкінішке қарай, олардың үшеуінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
«Сағат 10:55-те Амангелді орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері 2016, 2019 және 2020 жылы туған үш баланың қайтыс болғанын хабарлады», – делінген хабарламада.
Құтқарушылар өртті 11:32-де анықтады, 11:44-те өрт ауыздықталды.
Төтенше жағдайды жоюға төрт қызметкер мен бір техника қатысты.
Өрттің себебін анықтау үшін Амангелді ауданына Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу және сынақ өрт зертханасының мамандары жіберілді.



