Павлодар облысында еріген қар суы үйлерді басты

Павлодар облысының Рождественка ауылында тұратын көпбалалы отбасының үйін ергін қар суы басып қалды. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облыстық ТДЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, үйді су басу оқиғасы 31 наурыз күні сағат шамамен 17:47-де тіркелген.
Ауыл әкімі Рашид Галеевтің айтуынша, су басқан үй ауылдағы Абай көшесінде орналасқан.
«Бұл көше өзге көшелердің деңгейінен төмен орналасқан. Еріген қар су осы көшеге үлкен ағынмен барды», – дейді ауыл әкімі.
Оның сөзінше, үйін су басқан көпбалалы отбасы Розовка ауылындағы әжесінің үйіне уақытша қоныстанған.
Рашид Галеев еріген қар суы ауыл ішін лезде басып қалғанын айтады.
Облыстық ТДЖ-ның дерегінше, жалпы ауылда 5 тұрғын үй мен 30 ауланы су басқан.
Қазіргі таңда Рождественка ауылында еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда. Оған төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған.
https://www.instagram.com/p/CbxEjY4jTMx/
https://www.instagram.com/p/CbxVaugDYkG/