Ақтөбе облысында тас жолдың бір бөлігін су шайып кетті

Ақтөбе облысында еріген су жолдың бір бөлігі шайып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірде сағат 17:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) республикалық маңызы бар А-27 «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астраханьға)» тасжолының 283-шақырымда, Жарлы кентінде еріген су қарқыны көбейіп, су өткізу құбыры шайылып кетті.
«Эрозияның қайталануы – көп мөлшердегі еріген суға байланысты. Бұл учаске уақытша қалпына келтіріліп, бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 1.30-дан бастап көлік қозғалысына шектеу алып тасталды», – деді компания өкілдері.
Бұл учаскеде қалпына келтіру жұмыстары басталған.
Су тасқынына қатысты жағдайы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының ерекше бақылауында.