Алматыда құрылыс краны құлады

Алматыда Жас Қанат шағын ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешені аумағында кран құлады. Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қалалық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Кранның тоғыз қабатты үйдің шатырына құлаған сәтінен фото мен видеолар Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_press тобында жарияланды.
«Алматыда кран құлады. Бұған кімдер жауапты», – делінген видео жазбасында.
Бұл жағдайға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті пікір білдіріп, Жас Қанат шағын ауданында салынып жатқан 9 қабатты ғимараттың үстіне кранның құлағанын растады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ», – делінген ведомствоның хабарламасында.
https://www.instagram.com/p/Cb6y6ArgoWW/?utm_source=ig_web_copy_link