BasNewsЖаңалықтар

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қазгидромет Қазақстандағы 5,6 және 7 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс облыстары циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің ықпалында болады.

«Циклонның әсерінен бұл аймақтарда жауын-шашын, желдің күшеюі, түнде көктайғақ болады. Иран облыстарынан республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарына жылы ауа массаларының тасымалдануы күтіледі,  жаңбыр жауады. Ал таулы аймақтарда найзағай күтіледі, бұл аймақтарда термометрлер +20…+28 градусқа жетеді», – дейді мамандар.

Back to top button