Алматыда дәрігерді бұрынғы пациенті атып өлтірген

Бүгін таңертең Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков қаза тапты. Болжам бойынша, дәрігерді еміне көңілі толмаған пациент аңшы мылтығымен атып кеткен, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Алматы полициясы күдіктінің ұсталғанын мәлім етті.
«Оның енді жоқ екені шындық. Бүгін таңертең көлік тұрағында оны өлтіріп кетті. Басқа мәліметтерді білмейміз, дәл қазір полицейлерді күтіп отырмыз, бәрін солар анықтайды», – деген еxk.kz басылымы пікір алған дереккөз.
Әлеуметтік желілерде де кісі өлтірушінің емге «көңілі толмаған» науқас екені жазылып жатыр. Қайғылы оқиға дәрігердің үйінің маңайындағы көлік тұрағында болған.
«Түрлі болжамдар бар. Ол таңертең жұмысына бару үшін тұраққа шығып, көлігіне де жетпей қалған. Сол жерде оны атып кетті», – деді дереккөз.
Алматы полиция департаменті кісі өлтіруші дәрігердің пациенті болғанына қатысты мәліметтерді анықталып жатырмыз деді.