BasNewsЖаңалықтар
Президент Шекара қызметінің директорын жұмыстан босатты

Президент Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасары Дархан Ділмановты қызметінен босатты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың сайтында.
Бұл қызметке Дархан Ділманов 2015 жылы тағайындалған болатын.
2014 жылы қарашада ҰҚК Шекара қызметінің басшысы міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған. Бұған дейін Дархан Ділманов шекара қызметінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық, кадрлармен жұмыс бас басқармасы бастығының орынбасары болған.