BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы тағы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,99 теңгеге төмендеп, 458,87 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 7 сәуірдегі ресми бағамы – 462,22 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы – 461,15 теңге, ал сатылым – 464,41 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 460,86 теңгеден сатып алады, 464,26 теңгеден сатады.