BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанның тергеу изоляторына бәліш ішіне телефон жасырып өтпек болған ер адам ұсталды

Елорданың тергеу изоляторына бәліштің ішіне телефон жасырып өтпек болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/1 мекемесіне 8 сәуір күні К есімді азамат тергеу изоляторына қамаққа алынған А есімді азаматқа ас-ауқат алып келген. Мекеме қызметкерлері ас-ауқат салынған пакеттерді тексеру барысында бәліштің ішіне жасырылған NOKIA ұялы телефонын тауып, тәркіледі. Аталған дерек бойынша К есімді азаматтан түсініктеме алынды.

Оның айтуынша, бәліштерді қамаудағы азаматтың таныстары жеткізуін сұраған және бұл бәліштердің ішіне мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған заттардың бар екенін білмеген. Ұялы телефонды анықтау және тәркілеу деректері бойынша ҚР АҚК-нің 481-бабына сәйкес деректер жиналып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына іс-құжат жолданды.

 

Back to top button