BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы 449 теңгеден асты

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,49 теңгеге көтеріліп, 449,53 теңгеге тең болды. Айта кетейік, 9-11 сәуірдегі доллардың ресми бағамы – 446,89 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 454,56 теңгеден, сату – 457,50 теңгеден. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны 452,65 теңгеден сатып алады, 455,66 теңгеден сатады.